Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Сантьяго Умба – Astana Qazaqstan Team командасының жаңа шабандозы

Колумбиялық жас шабандоз Сантьяго Умба (20 жаста) Әлемдік турдың командасымен алғашқы келісім-шартқа отырып, келесі маусымда (2024) Astana Qazaqstan Team сапына қосылатын болды.

«Мен Әлемдік турдың командасымен алғашқы келісім-шартқа отырғаныма және Astana Qazaqstan Team сияқты үлкен жобаның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік беріп, маған сенім артқаны үшін бүкіл команда басшылығына алғыс айтқым келеді. «Астана» мен үшін тамаша команда екеніне сенімдімін және мұнда үлкен жетістіктерге жетемін деп ойлаймын. Ауқымды жұмыс атқаруға, нағыз кәсіпқой болу үшін жоғары деңгейде тәжірибе жинауға дайынмын», — деді Сантьяго Умба.

Сантьяго Умба жастар арасында өткен жарыстарда бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол «Эльзас турында (2021) және «Савой турының» (2021) кезеңдерінде жеңіске жетті. «Тахира Вуэльтасында» (2021) жалпы есепте 4-нәтиже және «Джиро д’Италияның» жастар нұсқасының  (2023) жалпы есебінде 10-нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, колумбиялық шабандоз «Ломбардия туры», «Альпі туры», «Джиро дел’Эмилия», «Кастилия және Леон Вуэльтасы», «Словения туры», «Адриатика-Ионика» және т.б. кәсіби жарыстарда өнер көрсетті.

«Сантьягоның біздің командадағы үлкен әлеуетін көреміз. Жас болғанына қарамастан Сантьяго үлкен кәсіби жарыстар сериясын аяқтап, оның әрі қарай дамуына негіз болатын елеулі тәжірибе жинады. Оның жастар деңгейінде бірқатар жоғары нәтижелері бар. Кәсіби жарыстың не екенін біледі. Сондықтан оған Әлемдік турда жақсы деңгейге жетуге мүмкіндік беретін ұқыпты және жүйелі жұмыс жасау қажет», — деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz