Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Елена Рыбакина тарихта қалады

Әлеуметтік  желідегі танымал X The Tennis Letter аккаунты қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның WTA 2023 жылғы маусымында қол жеткізген керемет жетістігін атап өтті.

Биылғы маусымда Рыбакина әлемдік рейтингтің көшбасшысы саналатын қарсыласын төрт рет жеңіп үлгерді. 2023 жылы бұл атақты польшалық Ига Швентек пен белорусь Арина Соболенка иеленді.

«Елена Рыбакина 2023 жылы әлемнің бірінші ракеткаларын төрт рет жеңді. Бұл бір маусымдағы әлемдегі бірінші нөмірлі теннисшіні жеңген екінші көрсеткіш. Бұған дейін 1979 жылы тек Трейси Остин ғана алты мәрте жеңіске жеткен. Сенсация», — деп жазды ақпарат көзі.

Ал жаңа маусымды Елена Рыбакина Брисбенде (Аустралия) өтетін WTA-ның алдағы маусымындағы алғашқы Brisbane International турнирінен бастайды. Ұйымдастырушылардың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш турнирге Рыбакинамен қатар Арина Соболенко, Наоми Осаки (Жапония),  Виктория Азаренко (Беларусь) бақ сынайды.

Ал ерлер арасында ATP турының жаңа жұлдызы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтон (әлемнің 17-ракеткасы), сондай-ақ Энди Маррей (Ұлыбритания), Хольгер Руне (Дания) және Григор Димитров (Болгария) қатысатынын растады.

Brisbane International 2023 жылдың 31-желтоқсаны мен 2024 жылдың 7-қаңтары аралығында өтеді. Брисбендегі әйелдер турнирі жоғары санатқа ие — WTA 500, ал ерлер турнирі ATP 250 дәрежесіне ие.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz