Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Номад» Құрлықтық Кубоктың финалына қатысады

Халықаралық хоккей федерациясы Құрлықтық Кубоктың финалы қай жерде өтетінін жариялады.

Құрлықтық кубоктың финалдық матчтары 2024 жылдың 12-14 қаңтары аралығында Уэльс астанасы Кардиффтегі үш мың көрерменге арналған «Виндико Аренада» өтеді. Естеріңізге сала кетейік, «Номад» тарихта екінші рет аталмыш турнирге қатысады. «Көшпенділерден» бөлек, Польшаның «Катовице», Данияның «Хернинг Блю Фокс» командасы, сондай-ақ турнир қожайындары «Кардифф Девилз» кубокты сарапқа салады.

Тең дәрежедегі төрт команданың әрқайсысы бір-бірімен бір кездесуден өткізеді. Бірінші орын алған командаға Құрлықтық Кубок жеңімпазының тақтасы және алтын медальдар табысталады.

Құрлықтық кубок Еуропа кубогының ізбасары ретінде 1997 жылы бастау алды. Турнир биыл 26-шы мәрте Еуропаның дамушы лигаларының командаларына халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігін ұсынады.

«Номад» пен «Девилз» 2023 жылдың 17-19 қарашасы аралығында Францияның Гренобль қаласында өткен үшінші турда «Е» тобында үздік екі орынды иелену арқылы финалға жолдама алды. «Катовице» мен «Хернинг» F тобынан финалда бірінші және екінші орын алды. F тобының матчтары Италияның Кортина-Д’Ампеццо қаласында өткен болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz