Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

IBA конгресінде ұйымнан шығарылған елдер тізімі жарияланды

Халықаралық бокс қауымдастығы Дубайда өткен IBA конгресінде ұйымнан шығарылған елдерді жариялады.

Отырыста 81 пайыз дауыс Чехия бокс қауымдастығын шығаруды қолдады. Германия, Швеция және Нидерланды қауымдастығы да ресми түрде ұйымның тізімінен алынып тасталды. Бұған дейін Германия, Швеция және Нидерландының өзі Халықаралық бокс қауымдастығынан шығатынын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар IBA президенті Умар Кремлев Рим Папасы Францискпен кездесіп, өз сөзінде қазіргі әлемдегі дін мен спорттың тығыз байланысын атап өткен және понтификке шағын ринг  түріндегі сыйлықты табыс етті.

Кремлев ХОК президенті Томас Бахты ​​ұйымдағы жемқорлыққа байланысты Халықаралық Олимпиада комитетіндегі қызметінен босатуға шақырды.

Ал АҚШ бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрамына енді. Бұған қауымдастық мүшелерінің 86 пайыздан астамы дауыс берді. Жаңа ұйымды бес салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонс басқарады.

Естеріңізге сала кетейік, USA Boxing негізгі федерациясы IBA-дан шыққаннан кейін бірден құрылған. Осы жылдың сәуір айында америкалық федерация IBA-дан шығу туралы шешім қабылдап, ұйымның Олимпиадалық қозғалысты құрметтемейтінін және ХОК талаптарын орындамайтынын түсіндіріп, ресейлік және беларусь спортшыларын жарыстан шеттету туралы шешімнің күшін жойды. Сонымен қатар, USA Boxing Ұлыбританиямен бірлесіп World Boxing атты жаңа ұйым құрған болатын. Сондай-ақ, бұрын да ұйымнан шыққан Швейцария бокс федерациясы IBA-ға қайта оралды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz