Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Қазақстандық шаңғышылар Әлем Кубогына қатыса алмады

Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында шаңғыларын фторға тексеруге уақытында тапсырмай, спринтке қатысуға рұқсат ала алмады.

Сенбі, 9 желтоқсанда Эстерсунд қаласында (Швеция) шаңғыдан 2023/2024 жылғы Әлем Кубогының үшінші кезеңі басталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы спринт жарысында спортшылар медальдар жиынтығын сарапқа  салды. Өкінішке қарай Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогының классикалық стильдегі спринт жарысына қатыса алмады. Швецияның Aftonbladet басылымының хабарлауынша, спортшылар шаңғыларында фтордың бар-жоғын тексеруге уақытында тапсыра алмағандықтан, оларға жарысқа қатысуға рұқсат етілмеді.

Шаңғышылар Константин Борцов пен Святослав Матасов жарысқа қатыспады. Олар фторды тексеруге белгіленген уақыттан бес минуттан асатын мерзімге кешігіп қалды. Бұл жарысқа қатысу құқығы берілмейді деген сөз. Тағы екі қазақстандық Олжас Климин мен Денис Волотка да жарыс жолынан көрінбеді.

Ерлер арасында аталмыш жарыста норвегиялық Йоханнес Клебо алтыннан алқа тақты. Бес дүркін Олимпиада чемпионы мәреге қарсыластарынан үш секундтан астам озып кетті. Екінші орынды норвегиялық Эрик Вальнес иеленді. Үздік үштік қатарына 23 жастағы америкалық Джеймс Клинтон Скунмейкер ілікті.

Дегенмен, Қазақстан спортшылары кейін әйелдер арасындағы спринт жарысына қатысты. Өкінішке орай шаңғышыларымыз жақсы нәтиже көрсете алмады. Еліміздің шаңғышылары арасынан Надежда Степашкина үздік нәтиже көрсетті. Ол мәреге 48-ші болып келді.

Әйелдер арасында Эмма Рибом классикалық спринттің жеңімпазы атанды. 26 жастағы швед спортшысы норвегиялық Кристина Ставос Шистадқа жеңіске жетуге еш мүмкіндік қалдырмады. Үздік үштікті спринт жарысы бойынша «Кіші хрусталь глобусының» қазіргі жеңімпазы Линн Свон түйіндеді.  Айта кетейік, Рибом үшін бұл 2023/2024 маусымындағы спринттегі екінші жеңіс.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz