Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина Абу-Дабиде әлемнің бірінші ракеткасын тізе бүктірді

INDIAN WELLS, CALIFORNIA - MARCH 17: Iga Swiatek of Poland and Elena Rybakina of Kazakhstan shake hands at the net after their semi-final match on Day 12 of the 2023 BNP Paribas Open at the Indian Wells Tennis Garden on March 17, 2023 in Indian Wells, California (Photo by Robert Prange/Getty Images)

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасының (WTL) көрме турнирінің алғашқы жарыс күні үздік теннисші деп танылды.

«Сетте 10 ұпай, тайбрейкте 10 ұпай! Елена Рыбакина — бірінші матчтың ең үздік ойыншысы», — деді Абу-Дабидегі турнирді ұйымдастырушылар Falcons командасында өнер көрсететін қазақстандық теннисші жайлы.

Жарыстың алғашқы күні румыниялық спортшы Сорана Кырстямен бірге Рыбакина жұптық сайыста поляк теннисшісі Ига Швентек пен француз Каролина Гарсиядан басым түсті. Одан кейін екінші ойында жекелей сында Елена бірінші сетте Швентектен жеңіліп (4:6), екіншісінде (10:8) жеңіске жетті. Командалар арасындағы матчта есеп теңесті – 24:24 және жеңімпазды анықтау үшін «алтын сет» ойналып, онда қазақстандық 10:8 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 57 минутқа созылды.

Айта кетейік, Елена турнирде Кырстя, Сумит Нагал және Тейлор Фрицпен бірге Falcons командасының құрамында өнер көрсетуде.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz