Бүгін «Барыс-Аренада» өткен матчта елордалық хоккей клубы «Тракторды» айқын басымдықпен жеңді.
«Барыстың» бапкерлер штабы жеңісті құрамды өзгерткен жоқ. Және бұл шешім өз нәтижесін берді. Есеп алғашқы кезеңнің ортасында ашылды. Аркадий Шестаков Понтус Обергтен шайбаны алып, Сергей Мыльниковтың қақпасына дәл бағыттап жіберді. «Трактор» дәл осы сәтте қақпашыға көмектесемін деп талпынғанымен, бір минуттан кейін «Барыс» Давид Скленицканың күшімен есепті еселей түсті. Айдын иелерінің 90 нөмірлі ойыншысы қатарынан алтыншы матчта ұпай жинады. Ал үзіліске аз уақыт қалғанда Рудольф Червеный үшінші рет челябіліктерді қапы қалдырды.
Үзілісте Мыльниковтың орнына қонақтар қақпасын қорғауға Зак Фукале шықты. Бірақ бұдан қонақтардың жағдайцы жақсара қоймады. Алаң иелері екі есе басымдыққа ие болды, ал бұл жолы Энтони Камара қатарынан алтыншы ойында гол соқты. Үшінші кезеңнің ортасында Никита Сошников Эдвард Паскуаленің осал тұсвын тапты. Алайда Шестаков тез арада дубль жасап, ойынның қорытынды есебін белгіледі.
«Барыс» биылғы маусымда алғаш рет қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті. 3 қаңтарда Олег Болякин шәкірттері Ярославльде «Локомотивке» қарсы ойнайды.
«Барыс» – «Трактор» 5:1 (3:0, 1:0, 1:1)
1:0 – 08:18 – Шестаков (Оберг) ГМ
2:0 – 09:24 – Скленичка (Шестаков) ГБ
3:0 – 16:39 – Червени (Камара)
4:0 – 23:12 – Камара (Старченко, Рымарев) ГБ +2
4:1 – 48:12 – Сошников (Дер-Аргучинцев, Бурдасов) ГБ
5:1 – 51:18 – Шестаков (Старченко)
Қақпашылар: Паскуале – Мыльников (Фукале, 20:00-60:00)