Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Бақтияр Артаев: «Ерім дейтін әкімдер әттең, болмай тұр»

Танымал қазақ боксшысы Бақтияр Артаев Сәкен Бибосыновқа қатысты жанжалға байланысты пікір білдірді.

2021 жылы Бибосынов Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеевтен сыйлық ретінде екі бөлмелі пәтер алған. Бірақ, ол жалға берілетін баспана болып шықты. Нәтижесінде боксшы әлі күнге дейін пәтерді өз атына рәсімдей алмай отыр.

«Тәуелсіздік алғалы неше жыл болды, біздің әкімдер әлі спортшыларға занды және жекеге әлі пәтер бере алмай жүр. Жолын білмесе, айтайын, сессия маслихатпен Әлем чемпионына 30 000 000 тг, Олимпиада чемпионына 50 000 000 тг деп бір рет бекітсе болды. Сосын чемпион ары қарай өзі біледі үй алама, бизнеске салама. Сосын еш ренішсіз, ынталанып, жігерленіп ары қарай жұмыс істей береді. Ерім дейтін әкімдер әттең, болмай тұр», — деп жазды Бахтияр Артаев instagram парақшасында.

Токио Олимпиадасынан кейін елге оралған боксшыға сол кездегі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев салтанатты түрде 2 бөлмелі пәтер берген. Алайда, Олимпиада жүлдегеріне заңмен бекітілген баспана жеке атына емес, тек жалдау құқығымен беріліпті. Ал жауапты мамандар танымал спортшыны әлі күнге құрғақ уәдемен «тойдырып» келеді. Бұл туралы боксшы «Бірінші бол» тілшісіне берген сұхбатында айтында айтты.

«Токио Олимпиадасы мен әлем чемпионатынан кейін маған Түркістан қаласынан 2 бөлмелі пәтер берді. Алайда, ол жалдау құқығымен рәсімделді. Ал, ол келісім 2022 жылдың соңында аяқталды. Жалпы, әлем чемпионы болған өзге өңірдің спортшыларына 3 бөлмелі пәтер беріліп жатқанда, жалдамалы пәтерде жүргенім жаныма батады. Облыс әкімі болған Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетті. Қазіргі әкіммен бұл мәселе туралы сөйлескен жоқпын. Дегенмен, облыстық спорт басқармасы әлі уәде берумен келеді. Бапкерім Мырзағали Айтжанов бұл жағдайдан хабардар. Бірақ ол кісіні бұл жайтқа кірістірімедім. Таяуда спорт қорының басшысы Азамат Қаршығаевқа бұл жағдайды айттым. Олар хат жазып, мәселені шешімін табуға көмектесеміз деп отыр. Ал, қазір келіп менен пәтерді босат десе, мен ештеңе істей алмаймын. Себебі, берілген үйді мен атыма рәсімдей алмаймын», — деді әлем чемпионы.

Сәкен Бибосынов бұл жағдайды айта-айта жергілікті билікке әбден көңілі қалған. Себебі, әкімдік маңындағылар боксшыны құрғақ сөзбен шығарып салудан шаршаған емес.

«Токио олимпиадасында Түркістан облысы бойынша мен жалғыз жүлдегер атанған спортшы болдым. Ал облыс жұрты мені қуана қарсы алып, әкімдіктегілер сол кезде уәдені берді. Көп күттірмей баспана да берді. Әрине, үйлі болғанға бәрі қуанады. Алайда менің қуанымның соңы уайымға ұласты. Себебі, рәсімдеу заң бойынша мүмкін емес. Тіпті Түркістан облысынан Олимпиада жүлдегеріне мәрттік танытатын еш кәсіпкер болмағаны да өкінішті. Әрине, менде үміт жоқ емес. Бірақ, жай ғана жарыстан орын алып келген спортшыға үй беріп жатқанда, менің жағдайым облыс үшін өте ұят нәрсе деп ойлаймын», — деді Сәкен Бибосынов.

Ал Түркістан облысының әкімдігі жағдайды былай түсіндірді:

«Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және пайдалану ережелері негізінде Түркістан қаласында пәтер кілтін алды. Оған жергілікті атқарушы органдардың басқаруындағы тұрғын үй қорынан 2 бөлмелі пәтер беріліп, коммуналдық тұрғын үй қорына бекітілді. Құжатқа сәйкес, көрсетілетін қызметті алушымен шарт 10 жыл мерзімге жасалады. Мерзім аяқталған соң Бибосынов бұл үйді тегін ала алады. Сондай-ақ 2021 жылы демеушілер есебінен оған жаңа Toyota Camry 70 көлігі берілді», — деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz