Құрлықтық хоккей лигасының кезекті кездесуінде «Барыс» сырт алаңда уфалық Салават Юлаевтан жеңіліп қалды. Астаналықтар қатарынан екінші матчта бес гол жіберіп алды.
Шабуылшы Дмитрий Гурков ойыншылар тізімінен тыс қалды. 30 желтоқсанда өткен кездесуде жарақат алған Понтус Оберг сапқа қайта оралды. Андрей Шутов алғашқы минуттардан-ақ қақпадан орын алды. Ал жас қақпашы Даниил Кудимов мансабында алғаш рет ойыншщылар тізімінде болды.
Уфада (Башқұртстан, Ресей) өткен кездесу 5:3 (1:0, 3:1, 1:2) есебімен айдын иелерінің сенімді жеңісімен аяқталды. «Уфа-Аренаға» 8487 жанкүйер жиналды. «Салават Юлаев» сапынан Егор Сучков, сондай-ақ әрқайсысы екі голдан соққан Джош Лейво мен Матвей Гусковтың дәл соққыларының арқасында жеңіске жетті. «Барыс» сапында Энтони Камара, Самат Данияр және Даниил Апалков көзге түсті.
Осы жеңісінің арқасында Салават Юлаев 63 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді. Аталмыш команданың турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Металлургтен» үш ұпай айырмашылығы бар. «Барыс» 39 ұпаймен соңғы сатыда тұр.
«Салават Юлаев» – «Барыс» 5:3 (1:0, 3:1, 1:2)
1:0 – 04:17 – Сучков (Шаров, Башкиров)
2:0 – 23:54 – Ливо (Дроздов, Ефремов)
3:0 – 32:17 – Ливо ГБ +2
3:1 – 38:46 – Камара (Старченко, Шестаков)
4:1 – 39:59 – Пименов (Гуськов, Науменков)
4:2 – 45:33 – Данияр (Камара, Шалапов)
5:2 – 50:34 – Гуськов (Пустозёров, Шаров)
5:3 – 59:52 – Апальков
Қақпашылар: Ежов – Шутов
Елордалық ұжым келесі ойынын сейсенбі, 9 қаңтар күні сырт алаңда «Ақ Барысқа» қарсы өткізеді.