Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Қазақстандық парашабандоз Аустралияда өткен жарыста алтыннан алқа тақты

2-8 қаңтар аралығында Аустралияның Балларат қаласында Virtus Cycling World Series 2024 жарысы өтті. Онда қазақстандық парашабандоз Дастан Ордабай екі алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жарыстың бағдарламасының екі түрі бойынша — жекелей жарыс пен критериум бойынша чемпион атанды. Аустралияның велоспорт федерациясы (AusCycling) және Sport Inclusion Australia биылғы жарысқа әлемнің ең үздік велошабандоздарын шақырды. Дүниежүзілік велоспорт сериясына пара велоспорт чемпионаты да кіреді. Оған 62 пара-спортшы, оның ішінде Қазақстан өкілі Дастан Ордабай да қатысты.

UCI пара-велоспорт жарыстарына физикалық, көру, интеллектуалдық және есту қабілеті бұзылған спортшылар қатыса алады.

Қазақстан намысын аутизмге бейім парашабандоз Дастан Ордабай қорғады. Біздің спортшы 18,8 шақырым қашықтыққа ii-3 санаты бойынша (интеллектуалдық қабілеті бұзылған) қатысып, алғашқы алтын медальға ие болды. Сондай-ақ 5,5 шақырым қашықтықта өткен критериум жарысында тағы бір алтын медальға қол жеткізді.

Осы орайда «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған  спорт федерациясы» РҚБ-нің  Президенті  Дина Темірғалиева жарысқа қатысты өз пікірін білдірді.

«Дастан ii-3 (зердесі зақымдалған) санаты бойынша 18,8 км қашықтықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium)  қатысты. Нәтижесінде қос сайыста да қарсылас шақ келтірмеді. Осы жеңістің арқасында Дастан елімізде және Азия құрлығында топ жарған алғашқы спортшы атағына қол жеткізді. Жарыс басталмас бұрын, Аустралиядағы турнирде чемпион боламыз деп, ойламаппын. Басты мақсатымыз — өзгелермен тәжірибе алмасу еді. Басты бәсекелестеріміз ретінде Франция, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия өкілдері саналды. Қос алтынның ішінде критериум бағдарламасындағы жүлденің орны бөлек. Себебі, Дастан бастапқыда құлап қалғанымен, жарысты жалғастыруға шешім қабылдады. Нәтижесінде чемпион атанды.  Дастан Ордабай былтыр Францияда өткен Virtus Global Games бәсекесінде 3 күміс жүлде алып, осы жарысқа лицензия ұтып алған еді. Міне, енді осы күмістерді биыл алтынға айырбастасақ деген үлкен жоспарымыз бар», — деді Дина Темірғалиева.

«Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясы» велоспорттан бөлек, үлкен теннис, үстел теннисі, жеңіл атлетика сынды спортқа көңіл бөледі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz