Биылғы қыста «Ақтөбе» қазақтың маңдайалды ойыншыларынан айырылып қана қоймай, олардың қатарына тағы бірнеше ұлттық құрама деңгейіндегі ойыншыларды қосты. Лимиттің жойылғанына қарамастан «қызыл-ақтардың» құрамы жергілікті футболшылармен толықты.
«Ақтөбе» сапынан қыста Максим Самородов пен Арман Кеңесов кетеді деп күтілгіен еді. Бірақ олай болмады. Екеуі де келісім-шарттарын ұзартты. Бұл «Ақтөбе» қазақстандық ойыншыларды сатып алу жағынан өте күшті болатынының көрсеткіші. Өйткені Самородов пен Кеңесов қазіргі уақытта бүкіл лигадағы үздік жас таланттардың бірі болып саналады.
Сонымен қатар «Ақтөбе» «Шахтерден» Игорь Шацкий, «Тобылдан» Бағдат Қайыров және «Коперден» Рамазан Оразовтың жаңа трансфері туралы жариялады.
Дмитрий Парфеновтың қолында Қазақстан құрамасының мықты шабуылшылары — Оразов, Самородов, Кеңесов бар. Сондай-ақ әлі де ұлттық құрамаға соңғы үміткерлер – Бауыржан Байтана мен Абылайхан Жұмабек бар екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, «Ақтөбе» өзінің көрнекті шәкірті Абат Айымбетовты қайтару үшін бар күш-жігерін салады деп күтілуде.
Қорғаныста тағы да «қызыл-ақтардың» толығымен ұлттық құрама ойыншылары – Игорь Шацкий, Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, ұлттық құрама сапында 48 ойын өткізген ең тәжірибелі Дмитрий Шомко бар. Әрине, «Ақтөбе» әлі де бірнеше шетелдік футболшылармен келісім-шарт жасайтыны анық.