Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Марк Реншоу: «Біз дұрыс бағыттамыз»

Tour de France 2023 - 110th Edition - 4th stage Dax - Nogaro 182 km - 04/07/2023 - Mark Renshaw (AUS - Astana Qazaqstan Team) - photo Luca Bettini/SprintCyclingAgency©2023

Astana Qazaqstan Team спорт директоры Марк Реншоу  «Даун Андер Туры» бойынша есеп берді.

1999 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл жарыс жылдың басындағы алғашқы ірі сайыстың бірі. Оған қазақстандық команда қатысып, өз бағын сынап көрді.

«Осы сайысқа қойған мақсаттарымызды орындай алмасақ та, біз келесі жарыстарға жақсы дайындықпен бара жатырмыз деп айта аламын. Біздің үш шабандозымыз үшінші кезеңде үлкен жылдамдықпен келіп қақтығысқа ұшырады. Сәттілік серік болмағанының салдары шығар деп ойлаймын. Ауырып, жарыстан шығып кеткенге дейін Макс Кантера Рюдигер Зелигпен бірге тамаша өнер көрсетті. Бұл екі шабандоз спринтерлік жұп құрайтын секілді. Кристиан Скарони иығындағы жарақатқа қарамастан жарыстың көщбасшыларымен бірге алғашқы ондықта келді. Бұл біздің команда үшін позитивті жағдай», — деді спорт директор Марк Реншоу.

«Астана» шабандозы Макс Кантер басты есепте 10 орынды қорытындылады. Жас шабандозымыз үшін бұл тамаша көрсеткіш десек те болады.

«Енді келесі аптада Аустралиядағы кезекті жарысқы дайындаламыз. Ал өзіме келетін болсам Стефано Занинимен бірге спорт директоры қызметінде алғашқы аптаны сәтті өткіздім. Өзімді ешқашан велоспорттан кетпеген адам іспетті сезіндім. Маған спорт директоры қызметі өте ыңғайлы екенін де осы жерде анық аңғардым», — деді Марк Реншоу.

Айта кетейік, «Астана» командасы Аустралия жерінде тағы бір сайысқа қатысады да, одан ары қарай өзге мемлекеттерге бара бастайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz