Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында өз алаңында Екатеринбургтің «Автомобилистімен» кездесті.
Олег Болякин ресейлік клубқа қарсы келесі құрамды айдынға шығарды: Бояркин (Шутов) – Скленичка-Ножье, Шайхмедденов-Червени-Камар; Хенкель-Шалапов, Рымарев-Оберг-Апалков; Бекетаев-Данияр, Савицкий-Шестаков-Мұратов; Оспанов, Өмірбеков-Борисевич-Мусоров.
Бірінші кезең минималды есеппен қонақтардың пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде ешқандай өзгеріс болмады. Соңғы жиырма минутта Понтус Оберг таразы басын теңестірді. Бірақ ресейліктер тағы екі гол соқты. Оған айдын иелері бір-ақ рет жауап қайтара алды. Гол авторы Кристиан Хенкель. Қорытынды есеп 2:3.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) 2:3 (0:1, 0:0, 2:2)
Шайбалар:
0:1 15:42 Хрипунов (Голышев, Денежкин)
1:1 — 50:03 Оберг (Шалапов, Хенкель)
1:2 — 52:06 Волк (Мэйсек)
1:3 — 56:09 Голышев (Хрипунов, Денежкин)
2:3 — 56:41 Хенкель (Камара)
Қақпашылар: Бояркин — Аликин
Астаналықтар үшін бұл қатарынан екінші жеңіліс болды. 19 қаңтарда «Барыс» өз айдынында ЦСКА-дан да жеңіліп қалған болатын. Қазақстандық клуб 53 ойыннан кейін 44 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 11-ші,. «Автомобилист» 56 кездесуде 68 ұпай жинап, Шығыста төртінші орынға жайғасты.
24 қаңтарда «Барыс» сырт алаңда Санкт-Петербургтің СКА командасымен кездеседі.