Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Абиба Абужақынова әлемдік Гран-при жарысында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалда Түркия өкілі Сила Ерсінді тізе бүктірді.

Абиба Абужақынова қола жүлдеге дейін барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жеңді. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.
Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz