Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Ауыр атлетика

Тағы да допинг дауы…

Үш қазақстандық ауыр атлет допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін ұзақ мерзімге спорттан шеттетілді.

Vesti.kz мәліметінше Никита Абдрахманов, Клим Башаргин және Мира Ахметова допинг бақылауынан өте алмады. Атап айтқанда,  Абдрахманов пен Башаргиннің сынамаларынан «метандиенон» табылды. Нәтижесінде екеуі де үш жылға дисквалификацияланды (11.06.2023 — 11.06.2026). Ахметованың сынамасынан «остарин» табылды. Ол төрт жылға спорттан шеттетілді (11.06.2023 — 11.06.2027). 2008 жылдың қаңтар айынан бастап остарин препаратын Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) спортта қолдануға тыйым салынған заттардың тізіміне енгізген.

Әбдірахманов, Башаргин және Ахметованың сынамалары Шымкенттегі командалық базада оң нәтиже көрсетті. Нәтижесінде олар 2023 жылы Гвадалахарада (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына бара алмады.

2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын. Аталмыш турнирде Едіге Емберді мен Айсамал Сансызбаева жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 17 жастағы Никита Абдрахманов (102 келі) – жастар арасындағы екі әлем чемпионатының жеңімпазы (2022, 2023), жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022), жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы (2022).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz