Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Симоне Веласко Португалияда өткен велододада үшінші орынға ие болды

Astana Qazaqstan Team шабандозы Симоне Веласко Португалияда өткен Figueira Champions Classic бір күндік жарысында мәре сызығын үшінші болып кесті. 

Италия ұлттық чемпионы Симоне Веласко 2024 жылғы маусымдағы дебюттік жарысында бабының тамаша екенін көрсетті. Португалияның Фигейра-да Фош қаласының маңында өткен велододаның жарыс жолының ұзақтығы 192,4 шақырымды құрады. Қатты жел соғып, қиынға соққан асу жолдары шабандоздар үшін маусым басындағы нағыз сынақ болды.

«Бүгінгі нәтижеге толықтай көңілім толады деп айта алмаймын. Бірақ маусымдағы алғашқы жарыста жеңіс тұғырына көтерілгеніме қуаныштымын. Үш рет соққан қатты жел мен тік асу жолдары біздің бабымызды сынауға жақсы мүмкіндік болды. Енді келесі жарыс  «Вольта Алгарвеге» санаулы күндер қалды. Мен онда да жақсы нәтижеге қол жеткізе аламын деп үміттенемін», — деді Симоне Веласко жарыс аяқталғаннан кейін.

«Вольта Алгарве» көпкүндігі 14-18 ақпан аралығында өтеді. Елордалық командадан Самуэле Баттистелла, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Кристиан Скарони, Симоне Веласко және Astana Qazaqstan Development Team командасының шабандозы Макс Уолкер қатысады. Сондай-ақ «Астананың» бірқатар шабандоздары «Колумбия турында» бақ сынауда. Онда шабандоздарымыз екі кезеңде жеңіске жетіп, тамаша нәтиже көрсетуде.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz