Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ордабасы» «Winter Cup» турнирінің жеңімпазы атанды

«Титаник Делюкс» стадионында маусым алдындағы «Winter Cup» турнирі сәтті аяқталды. Соңғы 5 күнде Түркияның Белек қаласында отандық футболшылар өзара мықтыны анықтады. Финалда «Ордабасы» ФК  «Тобыл» ФК-мен негізгі уақытта 0:0 есебімен тең түсті. Ал тартысқа толы пенальти сериясында 7:6 есебімен шымкенттік команда басым түсті. Осылайша Александр Седнёвтің шәкірттеріне 60 миллион теңге табысталса, қостанайлық клуб 40 миллион теңге алды.

Турнир тек қомақты жүлде қорымен ғана емес, 14 гол соғылуымен, ойыннан кейінгі екі пенальти сериясымен есте қалды. Қолайлы ауа-райы, жақсы стадион және сапалы тікелей эфир отандық футбол тарихындағы алғашқы маусым алдындағы турнирдің сәттілігінің кепілі болды.

Қазақстан әлемдегі ең мықты футбол лигаларының тәжірибесін қабылдап жатыр. Еуропада коммерциялық турнирлер өткізу кең таралған тәжірибе болып табылады. Айта кетейік, турнирде үшінші орынды былтырғы ел чемпионатының қола жүлдегері «Ақтөбе» ФК иеленді. Олар «Елімай» ФК-мен 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:2 есебімен басым түсті.

Жерорта теңізінің жағасындағы үлкен футбол осы демалыс күндері қайта жалғасады. «Winter Cup» турнирінің финалистері Қазақстан Суперкубогы үшін таласады. Ойын 25 ақпан күні Анталияда өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz