Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің 1/8 финалына шықты

Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 млн 113 мың 270 долларды құрайды.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Дубайда (БАӘ) ATP-500 Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің бірінші айналымын жеңіспен бастады.

1/16 финал аясында өткен кездесуде Бубликтің қарсыласы чех теннисшісі Томаш Махач болды. Кездесудің жеңімпазы үш сеттің қорытындысы бойынша анықталды. Біріншісінде Томаш мықтырақ болды – 6:2. Қалған екі сетте Бублик камбэк жасады – 6:3, 7:6(5). Матч бір сағат 57 минутқа созылды.

Сондай-ақ 1/16 финалдық ойында Таллон Грикспур (Нидерланды) иорданиялық спортшы Абедалла Шелбайхпен кездесіп, 7:5, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Шелбейх кездесуді жалғастырудан бас тартты. Матч бір сағат бес минутқа созылды. Осылайша 1/8 финалда қазақстандық Александр Бублик Таллон Грикспурмен сынға түсетін болды. Матч 28-ақпан күні Астана уақытымен 16:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, Дубайда 26 ​​ақпан-2 наурыз аралығында өтіп жатқан теннистен ATP 500 турниріне Даниил Медведев бір айға жуық үзілістен кейін қайта оралды. Медведев былтыр Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінде  Новак Джоковичті, одан кейін финалда Андрей Рублевті тізе бүктіріп, чемпион атанған.

Медведев өткен жылдың ақпанында және наурыз айының басында хет-трик жасап, Роттердам, Доха және Дубайда өткен турнирде жеңіске жеткен. Дегенмен, ол биылғы маусымды сәтті бастады деп айта алмаймыз. Себебі ол Аустралия ашық біріншілігінде Янник Синнерге финалда есе жіберді. Нәтижесінде қайта қалпына келіп, чемпиондық атағын қорғап қалу үшін Роттердам мен Доха турнирлирлеріне қатыспады.

Бірақ, қазір Медведев жекпе-жекке сақадай сай. Ол турнирді қазақстандық теннисші Александр Шевченкоға қарсы өтетін матчпен бастайды. Сонымен қатар бұл турнирде Хуркач та фаворит саналады. Уго Гумберт пен ардагер теннисшілер Гаэль Монфис, Энди Мюррей, Денис Шаповалов та осал қарсыластар емес.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz