Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан құрамасының наурызда өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының тізімі белгілі болды

Жалпы кеңейтілген тізімге 33 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады. Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады.

14 наурызда БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынында Түркіменстан құрамасымен жолдастық кездесу жоспарланған. Ал 21 наурызда ұлттық құрама Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен ойнайды. Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі. Финал жеңімпазы (26 наурыз) Еуро-2024 негізгі кезеңіне өтеді.

Дубайда өтетін оқу-жаттығу жиындарына шақырту алған ұлттық құрама футболшыларының тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов (барлығы «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин (барлығы «Тобыл»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы «Ақтөбе»), Абзал Байсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де «Астана»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де «Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бахтиёр Зайнутдинов ( Бешикташ, Түркия);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Елхан Астанов (барлығы «Астана»), Иван Свиридов («Елимай»), Абат Айымбетов («Адана Демирспорт», Түркия).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz