Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Dubai Duty Free Tennis Championships. Бублик жартылай финалда

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Александр Бублик Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты.

1/4 финал аясында ол әлемнің 36-ракеткасы чехиялық Иржи Лехечкамен кездесті. Бірінші сет қазақстандық теннисшінің еншісінде қалды – 6:4. Ал екінші сетте Бублик 4:1 есебімен алға шыққанда, Иржи жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Қарсыластар кортта 56 минут ойнады. Кездесу барысында Бублик 6 эйс жасап, 1 қос қателік жіберді. Александр үшін бұл маусымдағы үшінші жартылай финал екенін де айта кетейік. Ол 1-наурыз күні Астана уақытымен 19:00-де Дубайдағы орталық кортта Андрей Рублевпен финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Ширек финалда қазіргі таңда Даниил Медведевтен кейінгі екінші орында тұрған ресейлік Андрей Рублев америкалық теннисші Себастьян Кордамен кездесті. Бұл матчта да Бублиткің қарсыласы секілді америкалық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.  Нәтижесінде Рублев екі сетте жалпы 6:4, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат он минутқа созылды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz