Магнитогорскілік «Метталургтың» қазақстандық шабуылшысы Никита Михайлис 2023/2024 жылғы маусымда ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын хоккейшілердің бестігіне енді. Бұл тураплы Sport-express.ru. хабарлады.
29 жастағы Михайлис бір маусымда қосымша сыйақыларды есептемегенде 80 миллион рубль (шамамен 400 миллион теңге) табыс тапты. Дәл осындай соманы «Трактордан» Антон Бурдасов алды. Ол Никитамен бірге ең жоғары жалақы алатын ойыншылар рейтингінде бесінші орынды бөлісті. Көшбасшылар – екі «Авангард» ойыншысы және бір СКА өкілі. Үшінші орын америкалық Рид Баучерге (475 млн), екінші орын оның СКА-дағы отандасы Алекс Галченюкке (500 млн) бұйырды. Тізімдегі көшбасшылықты сол Авангардтан (505 млн) Владимир Ткачев иеленді.
Бұдан бөлек «Барыстың» жеті хоккейшісі де жалақысы жоғары ойыншылар тізімінен табылды. Оларға барлығы 790 млн теңге жұмсалған және ең жоғары жалақыны канадалық қақпашы Эдвард Паскуале (325 теңге) алады. Екінші орында беларуссиялық Кристиан Ханкель (175 млн теңге), үшінші орында Кирилл Савицкий (120 млн теңге).
Естеріңізге сала кетейік, елордалық «Барыс» хоккей клубы үшін маусым аяқталды. Команда 68 ойыннан кейін 50 ұпай жинап, ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы орында қалды.