«Астана» футболдан 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Жеңісті» ұтты. Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапынан гвинеялық Осман Камара (19-минут) мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Эльхан Астанов (62-минут) гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, Камара 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін елордалық командамен құны 350 мың еуроны құрайтын келісімшартқа отырған. Ол қаңтар айында Тбилисидің «Динамосынан» Астанаға ауысты. Камара 2015 жылы Гвинея жастар құрамасы сапында Чилиде өткен әлем чемпионатына қатысып, Англия, Оңтүстік Корея және Бразилия құрамаларына қарсы өнер көрсетті.
Астана қаласының намысын қорғаған қос клубтың бұл Премьер-лигадағы алғашқы өзара ойыны. Сондай-ақ бірінші рет ел чемпионатында Астана қаласынан қос клуб бірге өнер көрсетіп жатыр. Екінші турда 5 наурыз күні «Астана» сырт алаңда «Жетісумен» ойнаса, 7-наурызда «Жеңіс» «Шахтерді» қабылдайды.
«Ақтөбе» футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымының бірінші турында «Қайсарды» жеңді. Қызылордада өткен матч 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Кездесуде Ыдырыс Умаев дубль жасап (24-ші минут, 64-ші), Максим Самородов та (54-ші) гол соқты. 90+5-минутта Тоқтар Жаңғылышбайдың күшімен қызылордалықтар бір гол соқты.
Сондай-ақ бүгін, 1 наурызда «Ақсу» «Жетісумен» кездесуі тиіс еді, бірақ соңғы сәтте павлодарлық клуб чемпионаттан шығып қалды.
Ертең, 2-наурыз 1-тур аясында тағы 4 ойын өтеді.
14:00 «Қайрат» — «Қызылжар»
14:00 «Елімай» — «Атырау»
16:30 «Ордабасы» — «Шахтер»
19:00 «Тобыл» — «Тұран»