Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Мырзағали Айтжанов: «Әрбір боксшы Олимпиада жолдамасынан үмітті»

Қазақстандық боксшылар лицензия үшін тартыста сәтті өнер көрсетуде.

51 келі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирде өзінің екінші жекпе-жегін өткізді. Бұл жолғы қарсыласы кениялық Давид Каранжа Мачария болатын. Бірінші раундтан бастап тізгінді уысында ұстаған Сәкен қорғаныста сауатты қимылдап, шабуылда соққыларын дәл тигізуінің арқасында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Кениялық қарсыласын оңай жеңгеніне қарамастан Сәкен Бибосынов айқас барысында қателіктердің болғанын жасырмады. Әр жекпе-жекте барын салатынын айтқан боксшымыз барша қазақстандықтарды жанкүйер болуға шақырды.

Ауыр салмақтағы боксшымыз Айбек Оралбай Әлемдік лицензиялық турнирді сәтті бастады. Қарсыласы үндістандық тәжірибелі боксшы Санжит Санжит болатын. Бұған дейін қазақстандық алыптармен талай кездескен Санжитті Айбек бірінші раундта барынша аңдып бағып, екінші раундтан бастап төпелеп соқты. Нәтижесінде жеңіс жерлесімізде. Енді Айбек Оралбай ертең, яғни 7 наурызда Оңтүстік Корея елінің өкілі ХаНеул Жангпен жұдырықтасады. Ал бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері лицензиялық турнирге қатысып жатқан әр боксшының оңай қарсылас еместігін атап өтті.

«Жігіттер жақсы. Ынта-жігермен рингке шығып жатыр. Әрбір боксшы Олимпиада жолдамасынан үмітті. Сондықтан оңай емес. Қарсыластар әр құрлықтан келген. Түрлі бокс мектебінің куәсі болдық. Алға қойған мақсатқа жету үшін боксшыларымыз барын салуда. Елімізді қуантып қайтсақ деген сенім бар», — деді Мырзағали Айтжанов.

Бүгін Әлемдік лицензиялық турнирдің бесінші жарыс күні. Шаршы алаңға бес жерлесіміз шығады. Жайна Шекербекова алғашқы айқасын өткізбек, Асланбек Шымбергенов, Мұхамедсабыр Базарбайұлы және Айбек Оралбайды екінші кездесулері күтіп тұр, ал Римма Волосенко ширек финалдық айқасқа шығады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz