Наурыз айында Қазақстан U-21 құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді.
Алдымен Қазақстан U21 құрамасы 21 наурызда сырт алаңда Шотландиямен кездеседі. Артынша өз алаңымызда Мажарстанды қабылдаймыз. Ойын 26 наурызда 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді. Осы орайда Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Константин Горовенко ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Шотландия мен Мажарстанға қарсы матчтар қарсаңындағы ОЖЖ-ға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиыны 10 наурыз күні Алматыдағы «Қайрат» футбол клубы Академиясының базасында басталады. Жиын барысында екі бақылау матчы жоспарланған.
Қазақстан жастар құрамасы:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Никита Пивкин («Қайрат»), Данила Карпиков («Шахтер»);
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Атырау»), Дамир Қасабұлат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Сұлтан Асқаров, Егор Ткаченко, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»), Даниил Нырков («Ертіс»), Асқар Сатышев («Қайсар»);
Жартылай қорғаушылар: Нұрғайни Бөрібаев, Бейбіт Ғалым (екеуі де – «Тобыл»), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей), Муроджон Халматов («Каспий»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – «Шахтер»), Нұрали Жақсылық («Астана»);
Шабуылшылар: Данил Анкудинов («Днепр-Могилев», Беларусь), Иван Свиридов («Елімай»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь);
Қосалқы құрам: Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Ален Айманов («Елімай»), Дархан Бердібек («Каспий»), Ғалымжан Кенжебек («Жеңіс»), Сэйф Попов, Ян Труфанов (екеуі де – «Қайрат»);