Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Олимпиадаға іріктеу. Бес боксшымыз 1/8 финалда өнер көрсетеді

2024 жылы Парижде (Франция) өтетін төртжылдықтың басты бәсекесіне лицензия алу үшін боксшыларымыз турнирдің жартылай финалына шығуы қажет, яғни тағы екі жекпе-жекте жеңіске жетуі керек.

Бүгін, 10-наурыз Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирдің сегізінші күні. Шаршы алаңға бес боксшымыз шығады. Бесеуі де ширек финалға жолдама алу үшін барын салады.
Айта кетейік, екі боксшымыз ширек финалға шығып қойды: әйелдер арасында Валентина Хальзова мен ерлер арасында Айбек Оралбай. Енді жеңісті жолды өзге де жерлестеріміз жалғауы қажет.

Шамамен 17:00-де 50 келі салмақта өнер көрсететін Алуа Балқыбекова  1/8 финал аясында Оңтүстік Корея өкілі Джухюнг Чонмен кездеседі. 18:45-те 1\8-финалда 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов Бахрейннен келген Азат Махметовпен жұдырық түйістіреді. 19:15-те 80 келіде Нұрбек Орвалбай Алексей Алферовпен (Беларусь) өзара мықтыны анықтайды. 23:30-да 57 келіде (1\8-финал) Махмұд Сабырхан пуэрто-риколық Хосе Калеб Паган Тирадомен кездеседі. Ал бүгінгі күннің соңғы жекпе-жегі наурыздың 10-нан 11-не қараған түні 00:30-да өтеді. 71 келіде Асланбек Шымбергенов Түркменстан боксшысы Байрамдұрды Нұрмұхамедовпен сынға түседі.

Өкінішке қарай кеше Әлемдік лицензиялық бәсекенің 1\8-финалында польшалық Анета Рыгиельскамен жұдырықтасқан қазақстандық бұрымды боксшымыз Наталья Богданова турнирдің ширек финалына шыға алмады. Бірінші секундтардан-ақ шаршы алаң ортасын иемденіп алған қазақстандық былғары қолғап шебері  барынша соққылар жұмсауға тырысқан. Алайда төрешілер шешімі екіге жарылды. Одан кейінгі раундтарда да дәл осындай жағдай қайталанып, біздің боксшы турнирді 1\8-финалдан аяқтады.

1\8-финалында эквадорлық Хулио Сесар Кастильо Торрреспен жұдырықтасқан Айбек Оралбай турнирдің ширек финалына шықты. Эквадорлық боксшы өте тәжірибелі. Құрлықтық додаларда талай топ жарып, 2019 жылғы әлем чемпионатында күміспен жүлдегер атанған. Алайда Айбек қарсыласын шаршатып, әр соққысын дөп тигізіп, сериялық соққыларын сәтті жұмсап, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Енді турнирдің шешуші жекпе-жегінде жерлесіміз АҚШ-тан келген Джамар Таллимен жұдырықтасады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz