Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан құрамасы Түркменстанды жеңді

Еуроға жолдама үшін тартыс алдындағы кездесуде Қазақстан футбол құрамасы жеңіске жетті.

14 наурызда Дубайда Қазақстан мен Түркменстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Матч жабық форматта ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты — қос команданың бапкерлік штабы үшін маңызды матчтар алдында ойын жүйелерін тексеру болды. Өйткені Магомед Адиев шәкірттері Еуро-2024 додасына іріктеудің плей-офф кезеңіне дайындалып жатыр.

Ойын қорытындысы бойынша Қазақстандық футболшылар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары Ислам Чесноков (2-минут) пен Александр Зуев (47-минутта). Матч аяқталған соң Түркменстан футбол федерациясы (ФФТ) Дубайда өткен Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесуді қорытындылады.

«Матч аяқталды! Қазақстан құрамасынан 2:0 есебімен ұтылып отырмыз. Қорытынды жасап, әрі қарай жүреміз. Жұмысты жалғастырып, ортақ мақсатқа қарай жылжып жатырмыз», — делінген ФФТ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Түркменстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына дайындалуда. 21 және 26 наурызда олар Иран құрамасына қарсы ойнайды. Алдымен сыртта, сосын өз алаңында Иранды қабылдайды. Сондықтан екі команда дайындық барысында бір-біріне көмектесіп, бақылау ойынын өткізеді.

Ал 21 наурызда Афинада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиямен ойнайды. Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі. Ал финалдың жеңімпазы (26 наурыз) Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz