Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Грекия тас-түйін дайын

Бүгін Грекия құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді. Сондай-ақ шетелде ойнайтын кейбір футболшылар Грекия құрамасына келіп қосылды. Қазақстанмен өз алаңындағы ойын алдында гректердің тағы екі жаттығуы бар — сейсенбі және сәрсенбі күндері.

Грекия футбол федерациясының сайты Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчқа келетін билет иелеріне стадионға алдын ала келу керектігін ескертті.

«Атап айтқанда, келушілердің көбеюіне және қатаң қауіпсіздік шаралары енгізілетініне байланысты, кіре беріс есіктерге адам жиналып қалмау үшін билет иелерінің стадионға келуі матч басталғанға дейін 45 минуттан кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Бұл ретте стадионға тек билет иелері ғана кіре алатыны баса айтылып, олардан кез келген жастағы кішкентай балаларды билетсіз әкелмеу талап етіледі», — делінген федерация таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Грекия құрамасының капитаны Анастасиос Бакасетас Қазақстан құрамасымен өтетін ойынға қатысты пікір білдірді.

«Грекия біздің ұлттық құраманы көп жылдардан кейін үлкен турнирде көруі керек. Біз ойыншылар, көп нәрсені бастан өткердік. Енді бұл біздің мүмкіндігіміз. Мен оны осылай көремін. Біз жігерліміз, ынтамыз зор, — деді Бакасетас.

Қазақстан бұрын-соңды мұндай ірі доданың финалына шыққан емес. Футболшыларымыздың бабы  дәл қазіргі таңда ең жоғарғы деңгейде. Магомед Адиев шәкірттері H тобындағы алты ойында жеңіске жетті. Оның ішінде Данияны 3:2 есебімен және Солтүстік Ирландия мен Финляндияны жеңді.

Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді. Бұл текетірестің жеңімпазы Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен плей-офф финалында ойнайды. Төрт команданың үздіктері 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz