Алматылық «Қайрат» футзалдан ел біріншілігінде «Семейден» жеңіліп қалды.
Кездесу Семейде өтіп, 3:1 есебімен шығысқазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Алматылықтар сапынан Алиссон гол соқты. Бұған жауап ретінде алаң иелері үш нәтижелі соққы жасады. Ринат Төреғазин дубль авторы атанса, Ришат Котляров тағы бір гол соқты.
Ресми түрде «Қайраттың» Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында екі жеңілісі бар. Бірақ біріншісі техникалық жеңіліс болатын. Қазан айында алматылықтар Ақтөбеде «Рахметті» 7:2 есебімен ұтқанымен, алматылықтар ойыншыны хаттамаға енгізбей, техникалық жеңіліске ұшыраған болатын.
«Қайрат» 9 наурызда «Ақтөбемен» тең түскенде тағы бір ұпай жоғалтты — 2:2. Алматылықтар 33 кездесуде 30 жеңіске жетіп, 91 ұпай, Семейде 75 ұпай бар. Тұрақты чемпионат 21 сәуірге дейін жалғасады. Айта кетейік, «Қайрат» 20 жыл – 2003/04 маусымынан бері чемпиондықты ешкімге бермей келеді.