Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Тараз» ФК 400 миллион теңгеден астам қарызынан құтылды

«Тараз» ФК алматылық «Жас Қыранмен» кездесуде жеңіске жетті. Екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері аз болғанымен, тараздықтардың қорғанысы мінсіз еді. Ойын қосымша уақытқа жалғасып, пенальти сериясына жалғасуы мүмкін еді. Бірақ тараздық команда капитаны Ерасыл Келіумжай мен қорғаушы Азамат Ерденнің күшімен команданың жаңадан қосылған 17 жасар ойыншысы Санжар Кемелбекке тамаша мүмкіндік ұйымдастырып, ол қателеспей, допты қақпаға бағыттады дәл бағыттады. Есеп 1: 0. Нәтижесінде «Тараз» футбол клубы Қазақстан кубогының 1/8 финалына шықты. Енді келесі турда жамбылдықтар өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдайды.

Кездесу аяқталған соң баспасөз мәслихаты өтіп, «Тараз» клубының директорының міндетін атқарушы Ғабит Қазбеков клубтың қаржылық жағдайын реттеп жатқанын айтты.

«Облыстық бюджеттен жыл сайын кәсіпқой клубтарды қаржыландыруға республикада белгіленген лимит шегінде футбол клубына қаражат бөлінеді. Бүгінде клуб өткен жылдың соңында болған қарызының едәуір бөлігін өтеп үлгерді. Бұл салық төлемдері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша 400 миллион теңгеден астам. Клуб жұмысшыларының бұрынғы жалақы қарыздары да өтелді. Қазіргі таңда команда құрамында жергілікті жаттықтырушылар штабы жұмыс істейді. Қаржылық қиындықтарға қарамастан, ұжым өткен жылғы құрамын толығымен дерлік сақтап қалды және бүгінде жас тәрбиеленушілермен толықты. Клуб маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын елімізде сәтті өткізіп, Қазақстан Кубогының  кезеңінде өнер көрсетті. Клубтағы жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр», — дейді клуб директорының міндетін атқарушы Ғабит Қазбеков.

Айта кетейік, «Тараз» футбол клубында қаржылық қиындықтардан бөлек тағы бірнеше мәселе бар. Олардың бірі клуб президентінің жоқтығы. Себебі «Тараз» футбол клубының директорының бос орнына конкурстың екінші кезеңі де нәтижесіз аяқталып отыр. Төрт үміткер де өздеріне қойылған сұрақтарға жауап бермеді. Байқау Жамбыл облысында 2024 жылдың қаңтар айында жарияланған болатын.

Конкурстың екінші кезеңінде күтпеген жағдайлар да орын алды. Директор лауазымына негізгі үміткердің қажетті еңбек өтілі жоқ екендігі және еңбек кітапшасында түзетулер бар екендігі туралы ақпараттар пайда болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz