Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Олимпиада 2024. Қазақстандық спортшылар 31 жолдама иеленді

Франция астанасы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 122 күн қалды. Қазіргі таңда қазақстандық спортшыларда 31 лицензия бар.

Бүгін, 26 наурызда семсерлесуден Қазақстан құрамасы Алматыға келіп жетті. Отандық семсерлесушілер Тбилисиде (Грузия) өткен әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрініп, жазда Парижде ел намысын қорғауға мүмкіндік беретін Олимпиада жолдамаларын жеңіп алды.

Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар (бокс (ерлер) – 6, нысана көздеу – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1, батуттағы гимнастика – 1). Дегенпмен бұл соңғы нәтиже емес. Алдағы уақытта 50-ден астам іріктеу сайыстары өтеді.

Өткен демалыста семсерлесушілерден бөлек, қазақстандық гимнаст Данил Мұсабаев көзге түсті. Батут жаттығуларында ол Котбуста (Германия) өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін төртжылдықтың басты додасына лицензия жеңіп алды.

Маусымның басты спорттық оқиғасы – барша жанкүйерлер мен спортшылар асыға күтетін Жазғы Олимпиада ойындары биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж ареналарында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz