Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ордабасы» үздік үштікке ілікті, «Шахтер» сенсация жасады

Бүгін ҚПЛ-ның 4-тур аясында үш кездесу өтті.

ҚПЛ-2024 төртінші тур ойынында «Ордабасы» сырт алаңда «Тұранды» ұтты. Шымкентте өткен кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 25-минутта өзбекстандық ойыншы Жасурбек Яхшибоев соқты. 89-минутта Всеволод Садовский есепті еселеді. Алайда ордабасылық ойыншының голы офсайдқа байланысты есепке алынбады. Осылайша, «Ордабасы» жеті ұпай жинап, ҚПЛ-2024 турнирінде жетінші орыннан үздік үштікке бірақ көтерілді. Келесі турда «Ордабасы» 20 сәуірде «Жеңісті» қабылдаса, «Тұран» сырт алаңда «Жеңіспен» ойнайды.

Елордалық «Астана» төртінші тур аясында қарағандылық «Шахтерден» ұтылып, сенсация орын алды. Қарағандыда өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды колумбиялық Рохер Каньяс 26-минутта соқты. Бұл шахтерліктердің алғашқы жеңісі. Бұған дейінгі үш кездесуде қарағандылықтар жалпы 0:8 есебімен жеңілген болатын. «Астана» төрт турда екі мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты. «Шахтер» үш ұпай жинап, Премьер-лига кестесінде жағдайын біршама жақсартты. Астанада алты ұпай бар және осы нәтижемен турнирлік кестеде 6-орынға тұрақтады. Келесі турда «Астана» 21 сәуірде «Тобылды» қабылдайды. Сол күні «Шахтер» сырт алаңда «Жетісумен» ойнайды.

Сондай-ақ бүгін «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары кездесті. «Ақтөбе» алаңындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері 11-минутта Әділхан Таңжарықовтың голынан кейін алға шықты. «Атырау» 69-минутта беларусь футболшысы Николай Синьевичтің голының арқасында есепті теңестірді. Осылайша, «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатында қатарынан екі мәрте жеңіске жеткеннен кейін алғаш рет ұпай жоғалтты. «Қызыл-ақтардың» жеті ұпайы бар. «Атырау» әлі де жеңіссіз келе жатыр. Мұнайшылар үш кездесуде тең түсіп, біреуінде жеңілді. Бесінші турда «Ақтөбе» 20 сәуір күні Алматыда «Қайратпен» ойнаса, сол күні «Атырау» сыртта «Қайсармен» кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz