Велоспорттағы ең қиын монументалды классикалық жарыстардың бірі — «Париж-Рубе» велододасы биыл 121-мәрте ұйымдастырылды.
Бүгін Францияның «Париж – Рубе» жолдарында жыл сайын өтетін классикалық бір күндік веложарыс өтті. Соңғы 12 жылда Париж-Рубеде 12 түрлі шабандоз жеңіске жетті. Бірақ, биыл жеңімпаз өзгерген жоқ. Жеңіске басты үміткер болған Матье ван дер Пул чемпиондық атағын қорғап, мәреге бірінші болып келді. Ал бельгиялық Йеспер Филипсен екінші орынға қол жеткізді. «Lidl-Trek» өкілі даниялық Мадс Педерсен үшінші орынға ие болды. Шабандоздар ұзақтығы 259,7 шақырымды құрайтын тастақты жолды жүріп өтті.
«Астана» командасынан үздік нәтижені Евгений Федоров көрсетті. Ол жарысты 15-ші, Рюдигер Зелиг — 64-ші, Кейс Бол — 80-ші болып аяқтады. Өкінішке қарай Микаэль Мёркёв жарыс жолына шықпады. Глеб Сырица, Дмитрий Груздев және Евгений Гидич жарысты аяқтай алмады.
«Париж — Рубе»
Compiègne — Roubaix. 259,7 шақырым
1. Матье Ван дер Пул (Нидерланды, «Alpecin-Deceuninck») — 5:25:58
2. Йеспер Филипсен (Бельгия, «Alpecin-Deceuninck») — +3:00
3. Мадс Педерсен (Дания, «Lidl-Trek»)
15. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана») — +4:47
64. Рюдигер Зелиг (Германия, «Астана») — +11:37
80. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана») — +12:00.