Тараз қаласында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака жолдастық ойында жас ойыншыларға сенім артты. Олардың арасында 19 жастағы ойыншылар Дамир Қайырбай мен Батырхан Кенжеғали бар. Ал Нұрқанат Бақтияров ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізді. Ұзақ уақыт үзілістен кейін Төрехан Досов пен Жаһангир Рашит те құрамаға қайта оралды.
Дегенмен кездесу біздің жігіттер үшін сәтті басталды. Ойынның небәрі екінші минутында Арнольд Кнауб есеп ашты. Алғашқы таймның ортасында Өзбекстан құрамасының ойыншысы Элбек Тулкинов таразы басын теңестірді — 1:1.
Екінші таймда біздің ойыншылардың қателігін пайдаланған қонақтар есепте алға шықты. Алайда, Қазақстан құрамасының ойыншылары жігерлік танытып, ойынның аяқталуына 40 секунд қалған сәтте есепті теңестіре алды. Голдың авторы — Шыңғыс Есенаманов. Ол ұлттық құрамадағы 30-шы голын соқты.
Қазақстан – Өзбекстан 2:2 (1:1)
Голдар: Кнауб 2, Есенаманов 40 – Тулкинов 10, Игита 28 (автогол);
Қазақстан: Игита (к), Серіков – Абдуманапұлы, Эдсон, Валиуллин, Кнауб, Көлбаев, Есенаманов, Рашит, Қайырбай, Досов, Кенжеғали, Төреғазин, Бақтияров;
Өзбекстан: Элибоев, Эльмуродов – Ропиев, Хамроев, Нишонов, Тулкинов, Ботиров, Адилов, Джураев, Рахматов (к), Усманов, Ахметжанов, Худойбердиев, Беркинов;