Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі үшін тартыста «Ақтөбе» мен «Сарыарқа» арасындағы серияның үшінші кездесуі Қарағандыда өтті.
Алғашқы кезеңде командалар Евгений Попитич пен Игнат Холкиннің голдарымен алмасты. Бірақ екінші кезең айдын иелерінің басымдығымен өтті. 20 минутқа жетер-жетпес уақытта «Сарыарқа» қарсылас қақпасына төрт гол ұйымдастырып, ойын нәтижесін алдын ала айқындап берді. Соңғы үшінші кезеңде қонақтар есеп айырмасын сәл қысқартты. Бірақ бұл соңғы нәтижеге әсер еткен жоқ.
Осы жеңістен кейін «Сарыарқаның» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атануына бір қадам қалды.
«Сарыарқа» — «Ақтөбе» 6:3 (1:1, 4:0, 1:2)
0:1 — 10:18 — Попитич (Исмагилов)
1:1 — 18:55 — Холкин (Григоренко)
2:1 — 24:04 — Григоренко (Жулдиков, Злобин)
3:1 — 26:30 — Лизин (Шингареев)
4:1 — 28:41 — Пономарев (Кнауб)
5:1 — 31:34 — Сайко
6:1 — 50:38 — Злобин (Стулов, Григоренко)
6:2 — 50:47 — Кучин (Потапов)
6:3 — 54:32 — Шапорев (Петросян)
Қақпашылар: Кадочников – Ершов (Қаратаев, 28:41-60:00)
«Ақтөбе» — «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-2 (1:3, 3:2 ОТ, 3:6)