Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Дисквалификация және сенсация. Іріктеу турнирінің екінші жарыс күні қалай өтті?

23 мамыр мен 5 маусым аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) өтетін іріктеу турниріне бару құқығына үміткер қазақстандық боксшылар арасындағы іріктеудің екінші жарыс күні мәресіне жетті.

10 сәуірде аяқталатын шағын турнир аясында бүгін елордада жеті жекпе-жек өтті. Ерлер арасында 63,5 келіге дейінгі салмақта екі жартылай финал болды. Біріншісінде Жандос Қыдыралиев пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы кездесті. Нәтижесінде Базарбайұлы жеңімпаз атанды.

Спаррингтік кездесуде 63,5 келіде Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауовпен жұдырықтасты. Бұл Дулат үшін бұл салмақтағы дебютті айқасы. Ал Серік Теміржанов 2023 жылы Спартакиадада финалға дейін жетіп, Мұхаммедсабыр Базарбайұлыдан 1:4 есебімен жеңілген еді. Алғашқы раундта Дулат бірінші нөмірде істегенімен, қарымта шабуылға иек артқан Серіктің пайдасына шешілді. Есеп: 2:3 Екінші раундта тәжірибелі Дулат жинақталып, тараз басын өз жағына бұрды. Есеп: 5:0. Үшінші раунд алма-кезек шабуылмен өтті. Дегенмен, Дулат жеңісті өз уысында сақтап қалды. Қорытынды есеп: 5:0

Әйелдер арасында 54, 66 және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтті. Бірінші жартылай финалда 54 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова Ұлжан Сәрсенбектен жеңіліс тапты. Сәрсенбек финалда екінші жартылай финалда Әнел Сақышты жеңген Сымбат Әлиасқармен кездеседі.

66 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова мен Милана Сафронова арасындағы бірінші жартылай финал Богданованың жеңісімен аяқталды. Сафронова үшінші раундта жарыстан шеттетілді.

66 келіге дейінгі салмақта тағы бір жекпе-жекте Жасмин Қизатова Лаура Есенкелдіден басым түсті. Богданова мен Қизатова арасындағы финал 10 сәуірде өтеді.

75 келі салмақта Гүлсая Ержан 1/2 финалда Жібек Жарасқызын жеңді. Финалда Гүлсая Валентина Хальзовамен жұдырықтасады.

Айта кетейік, әйелдер арасында тек Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) 2024 жылғы Олимпиадаға лицензия жеңіп алған болатын. Басқа салмақ санаттарында (50, 54, 60, 66 және 75 келі) бұрымды боксшыларымыз Парижге әзірге квота алған жоқ.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz