Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді

Астанада жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді. «Beeline Arena» спорт кешенінде өтетін құрлықтық дода 25 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатыспақ. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады. Финалдық айқастар 7-8 мамырға жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында құрлықтық чемпионаттарды ұйымдастырған. 2007 жылы Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен. 2013 жылы Шымкент қаласы жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікті қабылдады. Ал 2016 жылы «Сары құрлық» чемпионаты Павлодарда өтті. Сонымен қатар, былтыр елордада жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Енді міне, еліміз U-22 Азия чемпионатын да қабылдайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz