Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық теннисші Анталияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

17 жастағы Соня Жиенбаева Анталияда (Түркия) өткен ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда қазақстандық теннисші түркиялық Йорук Илайды (525 WTA) 7:6 (7:4), 6:4 есебімен ұтты. Чемпиондық жолында Соня мықты қарсыластарын, соның ішінде турнирдің бірінші ракеткасы ресейлік Александра Шубладзеден (524 WTA) басым түсті.

«Бүгін мен үшін маусымның ең маңызды күні болған шығар. Апта бойындағы барлық матчтар өте қиын болды. Мен психологиялық тұрғыдан мықты әрі сенімді бола алғаныма өте қуаныштымын. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңізге рахмет», — деді Жиенбаева.

Анталиядағы жетістік Соня Жиенбаева үшін ересектер турындағы алғашқы чемпиондық атақ болды. ITF Juniors рейтингінде қазақстандық 31-орында тұр және Түркиядағы жеңісінің арқасында ертең, 15 сәуірде WTA жаңартылған рейтингінде ересектер арасында ТОП 1000 теннисші қатарына енеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz