Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Тараз» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыдан» ұтылды. Бірінші таймда-ақ қонақтар басымдыққа қол жеткізді. Екі минуттың ішінде Режинальдо мен Еркебұлан Тұңғышбаев бір голдан соқты. Нәтижесінде Қазақстанның қазіргі чемпионы «Ордабасы» Қазақстан кубогының ширек финалына шықты.
Ал тағы бір ойында «Оңтүстік» «Қызылжарға» есе жіберді (1:2). Алаң иелері бірінші болып сенсациялық түрде есеп ашты. Гол авторы Дияс Донбай. Дегенмен, ойынның екінші бөлігінде шеберлігі жоғары қонақтар екі рет гол соғып үлгерді. Мади Хассейн мен Рубен Бригидо бір голдан соқты. Нәтижесінде «Қызылжар» ширек финалға шықты.
Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы матчта «Ақтөбе» өз алаңында талдықорғандық «Жетісумен» кездесті. Алаң иелері жалпы басымдыққа ие болғанымен, бірінші таймның соңында ғана гол соға алды. Гол авторы Дмитрий Бессмертный. Ойынның екінші бөлігінде фавориттер барлығын минималды есеп айырмашылығын сақтап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша «Ақтөбе» турнирдің ширек финалына шықты.
Қазақстан кубогының ширек финалистері белгілі болды:
«Тобыл» — «Астана»
«Атырау» — «Қайрат»
«Ордабасы» — «Ақтөбе»
«Елімай» — «Қызылжар»
Ширек финалдық кездесулер 8 мамырға, ал жартылай финалдық ойындар 29 мамыр мен 19 маусымға жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстан Кубогының қазіргі иегері «Тобыл» командасы.