Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Porsche Tennis Grand Prix. Рыбакина жартылай финалға шықты

Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швенткке қарсылас атанды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта (Германия) өтіп жатқан WTA 500 — Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жартылай финалына шықты. Ширек финалда қазақстандық теннисші италиялық, әлемнің 14-ші ракеткасы Жасмин Паолиниді 6:3, 5:7, 6:3 есебімен ұтты. Қарсыластар кортта 2 сағат 10 минут өткізді. Қазақстандық ойыншы 7 эйс жасап, 2 қосарлы қателікке жол берді. Осылайша, Рыбакина спорттық мансабында алғаш рет Штутгарттағы турнирдің жартылай финалына шықты. Бұған дейін ол осы турнирде екі рет екінші айналымнан әрі аса алмаған.

Финалға шығу үшін еліміздің бірінші ракеткасы екінші ширек финалда британиялық Эмма Радукананы 2 сағат 4 минутта  7:6 (2), 6:3 есебімен ұтқан әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кездесетін болды.

Тағы бір ширек финалда сенсация орын алды. Әлемнің екінші ракеткасы, беларусь Арина Соболенко 6:3, 3:6, 5:7 есебімен чехиялық Маркета Вондроушовадан жеңіліп қалды. Жартылай финалда Вондроушова Кори Гауфф (No3, АҚШ) — Марта Костюк (No27, Украина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz