Турнирдің жүлде қоры 802 237 еуроны құрайды. Жеңімпаз 123 480 еуро сыйақыға ие болады.
Рыбакина суперкамбэк жасап, әлемнің бірінші ракеткасын тізе бүктірді. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Штутгарт қаласында (Германия) топырақ төсенішінде өтіп жатқан WTA 500 — Porsche Tennis Grand Prix турнирінің 1/2 финалында өнер көрсетті. Рыбакинаның қарсыласы әлемдік рейтингтің көшбасшысы, польшалық теннисшісі Ига Швентек болды.
Бірінші сетте 2:0 есебімен алға шыққан Швентек сенімді түрде басымдылыққа ие болды. Дегенмен, Рыбакина аралық есеп 5:2 болғанда есе қайтарып, сетті 6:3 есебімен аяқтады. Екінші сетте Швентек 6:4 есебімен басым түсті. Үшінші сет 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Финалда отандасымыз Марта Костюк (Украина) — Марта Вондроушева (Чехия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.