Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Льеж-Бастонь-Льеж». Алексей Луценко жарысты он үздіктің қатарында аяқтады

Liege - Bastogne - Liege 2024 - 110th Edition - Liege - Liege 254,5 km - 21/04/2024 - Cote de la Redoute - Alexey Lutsenko (KAZ - Astana Qazaqstan Team) - photo Ivan Benedetto/SprintCyclingAgency©2024

Бельгияда ең көне монументалды классикалық «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысы өтті. Өкінішке қарай велодода күні ауа-райы өте қолайсыз болды.  Төмен температурамен қоса шабандоздар жаңбыр мен қардың астында қалды. Astana Qazaqstan Team капитаны Алексей Луценко басқа фавориттердің шабуылдарынан кейін үнемі алда болып, жарыс жолын тамаша жүріп өтті. Нәтижесінде Қазақстан чемпионы фавориттердің құрамында, мәреге жарыс жеңімпазы Тадей Погачардан екі минуттан кейін жетті. Көшбасшылар тобынан спринтте Луценко 8-орынға ие болды, Осылайша қазақстандық шабандоз Льеж-Бастонь-Льежде үздік ондық қатарынан табылды.

Велодода аяқталған соң Алексей Луценко жарысқа қатысты өз пікірін білдірді.

«Бүгін команда маған көп көмектесті! Бұл нағыз бельгиялық ауа-райы еді. Бірнеше рет киім ауыстырдым, күртеше, қолғап кидім… Командаластарым үнемі қасымда болды және олар керемет жұмыс жасады. Симоне Веласко мен Кристиан Скарони маған жақсы позицияны сақтауға көмектесті және Ла Редуттың негізгі асуына дейін олар мені алға шығарды. Міне, дәл сол жерде нағыз жарыс басталды. Ал оған дейін Игорь Чжан тамаша жұмыс атқарды. Ол теледидардан көрінбеді, бірақ бұл команда үшін өте маңызды болды. Сонымен, біздің команданың жұмысына көңілім толады. Енді «Романдия турына» барамын. Онда жоғары нәтижелер үшін күресуді жалғастырамын. Бүгін үздік ондыққа іліктім. Бірақ, жеңіс тұғырына көтерілсем керемет болар еді», — деді Алексей Луценко.

Льеж — Льеж. 254.5 шақырым

  1. Тадей Погачар (Словения, «UAE Team Emirates») — 6:13:48
    2. Ромен Барде (Франция, «dsm-firmenich PostNL») — +1:39
    3. Матье Ван дер Пул (Нидерланды, «Alpecin-Deceuninck») — +2:02
  2. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана»)
    34. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +4:46
    53. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — +13:10
    63. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +15:09
    76. Сантьяго Умба (Колумбия, «Астана») — +17:08
    79. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz