Финляндияда өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан жастар құрамасы Норвегиямен жолдастық кездесу өткізді. Ойынның алғашқы жиырма минутында хоккейшілеріміз екі шайба басымдығына ие болып, Кәрім Қажыбеков пен Асанәлі Сәркенов гол соқты. Екінші кезеңде командалар бір-бірімен голдармен алмасып, Асанәлі Сәркенов тағы да қарсылсас қақпасын дәл көздеді
Алайда ойынның үшінші кезеңінде қарсылас тағы бір гол соғып қана қоймай, ойынның аяқталуына үш минут жетпей есепті теңестіре алды. Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Матч овертаймға жалғасып, жеңімпаз анықталмады. Нәтижесінде буллитте қазақстандықтар жақсы өнер көрсетті. Буллитте Кәрім Қажыбеков қарсылас қақпасына шешуші соққыны дәл бағыттады.
Естеріңізге сала кетейік, хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 25 сәуірде басталып, 5 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Швейцарияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ В тобында Георгий Верещагин шәкірттері Канада, Швеция және Чехия құрамаларына қарсы ойнайды.
Қазақстан – Норвегия – 4:3 (2:0, 1:1, 0:2, 0:0, 1:0)
1:0 – 11:27 – Қажыбеков (Саркенов Ас., Әлібек)
2:0 – 19:23 – Саркенов (Әлібек)
2:1 – 32:16 – Лафтон (Ватне, Олсен Брекке)
3:1 – 39:09 – Саркенов Ас. (Черкасов, Сағымбаев)
3:2 – 44:23 – Олсен Брекке (Дели, Ватне)
3:3 – 57:20 – Эриксен (Финкенгаген, Ватне)
4:3 – 65:00 – Қажыбеков
Қақпашылар: Алпысбаев – Вольберг