Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық хоккейшілердің тізімі белгілі болды

Астанада Қазақстан құрамасының Чехияда өтетін әлем чемпионатына дайындық бойынша оқу-жаттығу жиыны жалғасуда. Дайындық барысында хоккейшілер Астанада өтетін Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресей және Беларусь құрамаларымен, сондай-ақ Чехияда Ұлыбритания құрамасымен жолдастық кездесулер өткізеді.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы ұсынылған өтінімде 38 хоккейші – 4 қақпашы және 34 алаң ойыншысы бар:

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Номад», Астана), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де «Барыс», Астана), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (барлығы – «Барыс», «Астана»), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Кирилл Никитин, Хақназар Кеңесбай, Артем Королев (барлығы – «Номад», «Астана»), Дмитрий Брюс («Чайка», Нижний Новгород), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск), Кирилл Полохов («Арлан», Көкшетау);

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Маңғысбаев, Николай Шульга (барлығы – «Номад», Астана), Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Евгений Кирмарев, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Александр Борисевич, Аңсар Шайхмедденов (барлығы «Барыс»), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де «Арлан», Көкшетау), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де «Металлург», Магнитогорск), Кирилл Панюков («Амур»);

Бас бапкер – Ғалым Мәмбеталиев

Әлем чемпионатына қатысатын хоккейшілердің соңғы тізімінде 25 хоккейші – 3 қақпашы және 22 алаң ойыншысы болады.

Осы орайда өскемендік «Торпедо» клубының бұрынғы вице-президенті Юрий Петухов Қазақстан құрамасының алдағы әлем чемпионатында өнер көрсететін кеңейтілген құрамы туралы пікірімен бөлісті.

«Шынымды айтсам, мен бұл тізімдегілердің көбін білмеймін. «Барыс» пен ҚХЛ клубтарында ойнайтындарды ғана білемін. Соңғы әлем чемпионатында өнер көрсетпеген Панюков пен Метальников Қазақстан құрамасын күшейтеді деп сенемін. Барлығы да олардың қазіргі кездегі ойын жағдайларына байланысты. Менің ойымша, командаға оңай болмайтыны анық», — дейді маман.

Естеріңізге сала кетейік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 10-24 мамыр аралығында Чехияда өтеді. Қазақстан В тобында, топтық кезеңде АҚШ, Швеция, Словакия, Латвия, Германия, Франция және Польша құрамаларына қарсы ойнайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz