Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Мансабын аяқтаған Дидар Хамза спортқа қайта оралды

Дзюдодан Қазақстан командасының бұрынғы мүшесі Дидар Хамза ұлттық құрамаға қайта оралды. Ол Душанбеде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандар тізіміне кірді. Бұл туралы Olympic.kz. мәлімдеді.

Мамырдың 3-і мен 5-і аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан «Үлкен дулыға» сериясының халықаралық турнирі өтеді. Қазақстан ерлер құрамасының жаттықтырушылар құрамы турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Келесі спортшылар медальдар мен рейтингтік ұпайлар үшін таласады:

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев

66 келіге дейін: Еламан Сұлтанбай, Алмас Ғалымов

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар

90 келіге дейін: Аян Байғазы, Дидар Хамза

100 келіге дейін: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

Аталмыш спортшылар арасында мансабын аяқтаған Дидар Хамза да бар.  Естеріңізде болса, былтырғы Азия ойындарынан кейін дзюдошы үлкен спортпен қош айтысатынын мәлімдеген еді.

«Азия ойындарынан соң сондай қиын күй кештім. Мұндай жағдай әрбір спортшының басында болады деп ойлаймын. Өйткені, әр жарыста ұтыла берген соң, күресуге, татамиге шығуға жігер қалмайды. Менің де басымнан осы жағдай өтіп, спорттан кетемін деп шештім.

Бірақ аздаған үзілістен соң күресуге деген ынтам қайта оянды. Жігіттердің күресін, жарыстарды көріп, әлі де белдесуге болатынын түсіндім. Осылайша, жаңа жылдан бастап ұлттық құрамаға қайта келіп, жаттығу жиындарына қатысудамын. Халықаралық жиындарға да бардым.

Бапкерлер шешімімен, Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысушылар тізіміне ендім. Қазір рейтингте 40-орындамын. Олимпиадаға жолдама алатын әлі де мүмкіндік бар сияқты. Алда соңғы үш жарыс қалды. Бұйырғанын көреміз», — деді Дидар Хамза.

Айта кетелік, Дидар Хамзаның ең үлкен жетістігі — 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының алтын медалі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz