Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Астана» шабандоздары «Джиро д’Италияға» қатысады

107-мәрте ұйымдастырылып жатқан италиялық Гранд Тур бүгін, 4 мамыр Венария Реаледен басталып, 26 мамырда Римде аяқталады.

Жарысқа 29 елдің спортшылары қатысады. Ең көп шабандоз италиялықтар — 43, француздар- 22 , бельгиялықтар — 14, немістер мен голландиялықтар — 12. Сонымен қатар жарыста қазақстандық шабандоздар да сынға түседі. Бірақ, Ресей, Беларусь және Украинадан, сондай-ақ ТМД-ның басқа елдерінен шабандоздар болмайды. «Джиро д’Италиядағы» ең жас велошабандоздар Джулио Пелицари мен Мадис Мишельс болмақ. Олардың жасы қазіргі таңда 20-да. Ал ең үлкені 41 жастағы Доменико Поцзовиво.

Айта кетейік, биылғы маусымның алғашқы Гранд туры – «Джиро д’Италияның» жүлде қорының жалпы сомасы 1 606 160 еуроны құрайды. Жарыс жолының жалпы ұзақтығы 3331,2 шақырым. Италиялық Гранд Тур Пьемонт аймағында басталады, онда алғашқы үш кезең, соның ішінде Оропадағы таулы аймақта аяқталатын бір кезең бар.

Пьемонттегі үш күннен кейін «Джиро д’Италия 2024» Лигурия мен Тосканаға жол тартады. Онда бір орташа биіктіктегі таулы кезең, жекелей уақытқа арналған жарыс және тауға көтерілумен аяқталатын тағы бір кезең өтеді.  6-кезең (Viareggio-Rapolano Terme) финалда 12 шақырымдық қиыршық тасты жолдарды қамтиды. Ол «Страде Бьянке» жарыс бағытының бір бөлігі болып табылады. Келесі күні, 7-кезеңде 37,2 шақырымдық жекелей уақытқа арналған жарыс (Фолиньо-Перуджа) жазық аймақта өтеді. 8-кезең Прати-ди-Тивода мәресіне жетпек.  Алғашқы жарыс аптасы әдеттегідей Неапольде спринтерлік кезеңмен аяқталады.

Екінші апта Кузано Мутриден басталады. 14-15 кезеңдерді ұйымдастырушылар жекелей жарыс болады деп мәлімдеді. 15-кезең теңіз деңгейінен 5200 метр биіктікте орналасқан аймақта өтеді. Жарыс жиырма кезеңге дейін жалғасады. Ал 20-кезең 2010 жылы Винченцо Нибалидің жойқын шабуылымен есте қалған Монте-Граппаға көтерілумен, 175 шақырымнан кейін Римде аяқталады. Осылайша Рим тарихта алтыншы рет және екінші жыл қатарынан «Джиро д’Италия» финалын өткізеді.

«Астана» командасы спорт директорлары Александр Шефер, Стефано Занини, Джузеппе Мартинеллидің жетекшілігімен бүгін елорда уақытымен 14:00-де Алексей Луценко, Симоне Веласко, Хенок Мулюбырхан, Кристиан Скарони, Вадим Пронский, Лоренцо Фортунато, Давиде Баллерини, Макс Кантер Гранд-Турдың жарыс жолына шығады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz