Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ордабасы» жеңісті уысынан шығарып алды

Футболдан Қазақстан кубогының 1/2 финалында «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесті.

Шымкентте өткен кездесу 2:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.  Негізгі уақыттағы басты оқиға 75-ші минутта 2 жыл бойы футболдан аластатылған Айбол Әбікен алаңға шығуы болды. Дегенмен, өкінішке қарай бұл футболшы овертаймда қарсыластың аяғына қауіпті ойнағаны үшін 103-ші минутта алаңнан қуылды. Матчтың ең қызықты бөлігі овертаймда өрбіді. Алдымен 91-ші минутта Евгений Макаренко алыстан теуіп, «Ордабасыны» алға шығарғанымен, Дорни Ромеро бірінші овертаймда-ақ есепті теңестірді. Ал екінші овертаймның соңында Жан Жайро бірнеше футболшыны алдап өтіп, «Ақтөбе» үшін жеңіс голын соқты.

Бұған дейін жартылай финалға «Тобыл», «Атырау» және «Елімай» өткен болатын. Қостанайлықтар өз алаңында «Астананы» ұтты — 1:0, мұнайшылар «Қайратты» тізе бүктірді — 3:1, ал семейлік клуб Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасын жеңді.

Жартылай финал ойындарының кестесі:

29 мамыр

18:00 «Тобыл» — «Атырау»

20:00 «Ақтөбе» — «Елімай»

19 маусым

20:00 «Атырау» — «Тобыл»

20:00 «Елімай» — «Ақтөбе»

Қазақстан кубогының жеңімпазы 29 қыркүйекте белгілі болады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz