Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Стамбулда грек-рим күресінен Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды

Күрестен Қазақстанның соңғы үміті Олимпиада лицензиясын уысынан шығарып алды. Дінмұхаммед Қошқардың Ойындарға жолдама алу мүмкіндігі жоғары болды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы Олимпиада лицензиясын иелене алмады.

Грек-рим күресінен қазақстандық Дінмұхаммед Қошқар Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін лицензиялық турнирде шешуші белдесуде жеңіліп қалды. Ол Олимпиаданың тағы бір қола жүлдегері мысырлық Мохамед Ибрахим Эль-Саидтке есе жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшылардан Олимпиадада төрт грек-рим, үш еркін күрес балуаны бақ сынамақ.

Олимпиадаға лицензия алған балуандарының тізімі:

Грек-рим күресі

  1. Айдос Сұлтанғали (60 келі);
  2. Демеу Жадраев (77 келі);
  3. Нұрсылтан Тұрсынов (87 келі);
  4. Әлімхан Сыздықов (130 келі)

Еркін күрес

  1. Азамат Дәулетбеков (86 келі);
  2. Әлішер Ерғали (97 келі);
  3. Юсуп Батырмырзаев (125 келі).

Айта кетейік, Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына тарихта алғаш рет әйелдер құрамасы қатыспайды. Стамбулдағы іріктеу турнирінде 53 келідегі Марина Седнева екінші айналымда польшалық қарсыласына 0:9 есебімен жол берді. 57 келідегі Лаура Алмағанбетова 1/8 айналымда түркиялық Эльвира Камалоғлыдан 2:4 есебімен жеңілді.  62 келідегі Ирина Кузнецова мексикалық қарсыласынан 8:13 есебімен жеңіліс тапты. 68 келідегі Елена Шалыгина румыниялық спортшыдан 1:9 есебімен ұтылды.  Ал 76 келідегі Эльмира Сыздықова бірінші айналымда эстониялық балуанға 1:2 есебімен есе жіберді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz