Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Чехияда хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңдегі дебюттік матчында жеңіске жетті.
Қазақстанның 2024 жылғы әлем чемпионатындағы дебюттік голының авторы кездесудің төртінші минутында Франция құрамасының қақпасына дәл соққы бағыттаған Роман Старченко. Осылайша, ол Кантагаллоның голынан кейін таразы басын теңестірді. Одан кейін қазақстандықтар қарсылас қақпасына тағы екі рет дәл соққы жасап, Кирилл Савицкий мен Максим Мұхаметов көзге түсті.
Командалар соңғы рет 2022 жылғы әлем чемпионатында кездесіп, француздар минималды есеппен жеңіске жеткен. Қарсыластарымыздың басты жұлдыздарының бірі – «Автомобилист» шабуылшысы Стефан Да Коста екенін де айта кетейік.
Әлем чемпионаты Прага және Острава (Чехия) қалаларында өтіп жатыр. Қазақстан «В» тобында АҚШ, Швеция, Германия, Польша, Словакия және Латвия құрамаларына қарсы өнер көрсетуде.
Франция – Қазақстан – 1:3 (1:2, 0:1, 0:0)
1:0 – 02:00 – Кантагалло (Будо, Рех)
1:1 – 03:06 – Старченко (Рымарев)
1:2 – 07:30 – Мұхаметов (Орехов, Савицкий)
1:3 – 37:47 – Савицкий Г.М
Қақпашылар: Шутов — Илонен
Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы ойынға келесі құрамды шығарды:
Қақпашы: Шутов (Бояркин)
Бреус – Метальников, Старченко (К) – Шестаков – Рымарев
Данияр (А) – Орехов, Савицкий – Өмірбеков – Михайлис (А)
Бекетаев – Диханбек, Панюков – Мұхаметов – Муратов
Гайтамиров – Королев, Асетов – Бойко – Рахманов
Бас бапкер: Ғалым Мәмбетәлиев