Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва жартылай финалда чехиялықтар Мириам Колодзиэёва – Анна Шишковамен сынға түсті.
Қазақстандық-ресейлік жұп небәрі 19 минутқа созылған бірінші партияда бет қаратпады – 6:1. Осыдан кейін чехиялық дуэт бәсекені жалғастырудан бас тартты. Анна Данилина – Ирина Хромачёваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Сонымен қатар Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Евсеев ширек финалда отандасы, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жукаевпен жолы түйісті. Бірінші партияда Денис 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Бейбіт есе қайырды – 6:2.
Шешуші, үшінші сетте Евсеев сәтті ойнады – 6:3. Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 200-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездеседі.