Бүгін Астанада аяқталатын «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің финалында Қазақстан құрамасының бірнеше боксшысы өнер көрсетпейтіні белгілі болды. Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Қамшыбек Коңқабаев және Айбек Оралбай «алтын» жүлде үшін өтуі тиіс жекпе-жектерден бас тартты. Себебі, бұл спортшылар жазда Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындалуы керек.
Елордалық турнирдің финалында ұлттық құраманың «үздіктері» келесі жекпе-жектерді өткізуі керек еді:
51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Дамир Әбдіқадір (Қазақстан);
57 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) — Оразбек Асқылов (Қазақстан)
92+ кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Айбек Оралбай (Қазақстан)
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан 17 былғары қолғап шебері финалист атанса, 14 боксшы қола жүлдеге ие болды.